Мемлекеттік қызметті алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін ұйымдар және Астана қаласы ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1)көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – зерттеп-қараудың теріс нәтижесінде – 3 (үш) жұмыс күні; зерттеп-қараудың оң нәтижесінде – 20 (жиырма) жұмыс күні;
2)құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 60 (алпыс) минуттан аспайды.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – мемлекеттік көрсетілетін қызметтің теріс нәтижелерін растайтын анықтама-сертификат. Анықтама-сертификат берілген сәтінен бастап 3 (үш) ай бойы жарамды болады.
Зерттеп-қарау нәтижесі теріс болған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілген қызметті алушының қолына беріледі.
Бастапқы оң нәтижені алу кезінде көрсетілген қызметті беруші АИТВ-ға антиденелердің болуына қайта тестілеу үшін қан алуды қамтамасыз етеді.
Зерттеп-қарау нәтижесі нақты оң болған жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілген қызметті алушының өзінің қолына жазбаша хабарлама түрінде беріледі.
Кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін көрсетілетін қызметті беруші олардың ата-аналарына немесе өзге заңды өкілдеріне береді.
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыларға жеке тұлғаларға (Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарға) тегін, жеке тұлғаларға (шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға) ақылы көрсетіледі.
Қабылдау кезек тәртібімен жүзеге асырылады, алдын ала жазылу мен жеделдетіп қызмет көрсету көзделмеген.
Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
АИТВ инфекциясының бар-жоғына міндетті медициналық зерттеп-қарау қызметін алу кезінде – жеке басын куәландыратын құжат (он алты жасқа толмаған адамдар үшін – туу туралы куәлік).
АИТВ инфекциясының бар-жоғына жасырын түрде медициналық зерттеп-қарау қызметін алу кезінде құжаттар талап етілмейді, тұтынушыға дербес код беріледі.
ЖИТС орталығы медициналық қызметтерінің тізімі
1. АИТВ инфекциясының болуына медициналық тексеру ұйымдастыру;
2. АИТВ инфекциясының жағдайларына, сырқаттанушылығына және таралуына эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру және өткізу, эпидемиологиялық жағдайды талдау және бағалау, АИТВ инфекциясының таралу қарқынының алдын алуға және төмендетуге бағытталған іс-шаралар кешенін өткізу;
3. Психоәлеуметтік консультация жүргізу;
4. АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратындарды диспансерлеу және емдеу;
5. АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратындарды антиретровирустық препараттармен қамтамасыз ету;
6. АИТВ жұқтырған жүктілік кезінде, босанғанда жүкті әйелдерге және жаңа туған нәрестелерге профилактикалық вирусқа қарсы емдеу өткізу;
7. АИТВ жұқтырған бар ересектер мен балалардағы екінші рет қайталанған, оппортунистік аурулардың химиопрофилактикасын және амбулаториялық жағдайда оппортунистік ауруларды (пневмоцистік пневмония, герпестік инфекция, токсоплазмоз және кандидоз) емдеуді қамтамасыз ету;
8. Постконтактылық антиретровирустық профилактикасымен қамтамасыз ету;
9. АИТВ инфекциясын, АИТВ жұқтырған және ЖИТС пен ауыратын науқастарда болатын ауруларды растайтын диагностиканы жүргізу;
10. АИТВ инфекциясымен ауыратындарды диспансерлеу және емдеу кезінде зертханалық зерттеулерді ұйымдастыру және өткізу;
11. АИТВ инфекциясының таралу жолдары және жұқтыруды ескертудің әдістері туралы халыққа ақпарат беру, әртүрлі ведомстволардың мамандарын, мектеп, орта және жоғары оқу орындарының педагогтарын және оқушыларын оқытуды ұйымдастыру, санитариялық-ағарту жұмысын жүргізу, ақпараттық-білім беру материалдарын басып шығару және тарату;
12. медицина қызметкерлерін АИТВ инфекциясын шұғыл диагностикалау, емдеу, алдын алу мәселелеріне оқыту;
13. Құқықтық және әлеуметтік мәселелер бойынша АИТВ инфекциясымен және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға консультациялық көмек көрсету.
Астана қаласы, Есенберлин көшесі, 5/1
Е-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Бас дәрігер: Абдраимов Сабит Бекмаганбетович
Байланыс телефоны:
Қабылдау бөлімі: 38-15-85
Бухгалтерия: 38-15-83
Эпидемиологиялық қадағалау бөлімі: 38-07-02
Емдеу-алдын алу бөлімі: 38-04-64
Ұйымдастыру-әдістемелік бөлімi: 38-04-71
Бас медбике:38-44-80
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының біркелкі көгілдір түсі бірігу идеясын білдірумен қатар, әрқашанда бейбітшіліктің, тыныштық пен жарқын болашақтың белгісі саналатын бұлтсыз ашық аспанды еске салады. Геральдика тілінде көк түс пен оның реңктері адам бойындағы адалдық, тазалық, үміт сияқты қасиеттеріне сәйкес келеді. Шұғылалы алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелесе, дала бүркіті қазақстандықтар ұғымында дарқандық пен қырағылық, биіктік белгісі.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы суретші Шәкен Ниязбеков.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының негізіне шаңырақ алынған. Ол елтаңбаның жүрегі іспеттес.
Шаңырақ әлемнің біртұтастығын, мемлекеттің бастауы отбасы ошағын бейнелейді. Қанатты тұлпар мәңгілік өмір, шексіз даму және Қазақстан секілді бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан халықтардың рухани байлығының белгісі. Қанатты тұлпар болашаққа үміт артар жас ұрпақтың арманы, самғау биігі.
Елтаңба төбесінде бес бұрышты жұлдыз бар. Әр адамның өмірінде жол көрсетер өз жұлдызы болады. Мемлекеттің де осындай жұлдызы болуы керек.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары сәулетшілер Шота Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібеков.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні
Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай,
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!