2016 жылғы 9 қарашада Астана қалалық ЖИТС орталығында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы аясында «Жария» қоғамдық қоры мен Қызыл ай қоғамының Астана қалалық филиалының еріктілеріне арналған семинар өткізілді.

   Семинардың басты мақсаты еріктілерді АИТВ сұрақтары бойынша оқыту. «АИТВ/ЖИТС: негізгі ақпарат – таралу көзі, берілу жолдары, алдын алу шаралары, осал топтар» тақырыбында эпидемиологиялық бөлім дәрігері Бапенова Б.И. баяндама жасады, «Мен қолдаймын! #АИТВ-ң алдын алу» баяндамасымен ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісінің м.а. Ж.Айтмағанбетқызы сөз сөйледі.
Оқытудан өткен еріктілер одан әрі өздері тұрғындар мен мигранттар арасында оқытуды жүргізе алады.