қалалық емханалар қала тұрғындары мен кәсіпкерлерге «АИТВ жұқпасы және бизнес» акциясын өткізді.
Акция шегінде, «Астаналық» базарында «Денсаулық қалашығы» ашылып, келушілер әр түрлі мамандардан тегін кеңес ала отырып, тексеріле алды. Қалағандар АИТВ жұқпасының бар-жоғын, дене салмағының индексін, бой мен салмағын, қан қысымын анықтай алды. Сонымен қатар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу туралы кеңес берілді. Іс-шарамен - 100 адам, тестілеумен - 79 адам қамтылды.