Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша іс-шара

1. 2017 жылғы 5 ақпанда ЖИТС орталығының 85 қызметкері қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселесі бойынша ынтымақтастық туралы ашық келісімге қосылу туралы актіге қол қойды.
2. Қосылу туралы актіде:
«Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында белгіленген мақсаттар мен міндеттерді назарға ала отырып, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды түп-тамырымен жоюға бағытталған жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру және алдын алу шараларын күшейту қажеттігін түсіне отырып, елде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы азаматтық қоғамның аса маңызды рөлін, және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесінде қызметінің түрі мен нысанына, әлеуметтік жауапкершілігіне қарамастан коммерциялық емес ұйымдар, заңды тұлғалар, саяси партиялар өкілдерімен, сондай-ақ азаматтармен қабылдау қажеттігін мойындай отырып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында келісімде қарастырылыған міндеттерді өзіне қабылдаудағы жауапкершілікті түсіну кезіндегі осы келісімге қосылу туралы шешімнің қабылданғандығы туралы хабарлаймыз: сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру туралы заңнама саласындағы НҚА түсіндіру»
2017 жылғы 28 ақпанда ЖИТС орталығының мәжіліс залында Астана қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққақарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының қызметкері «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында дәріс оқыды. Дәрісте қоғамның және әрбір азаматтың сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік мәселесі мен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі аспектілері қаралды. Құқық қорғау органдарының атқарған жұмысы туралы бейнероликтер мен слайдтар көрсетілді.