NUR 3320Астана қаласында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы аясында қалалық ЖИТС орталығы мен Астана қаласының білім Басқармасы ұйымдастыруымен елордалық мектеп оқушылары арасында өткізілген суреттер мен плакаттар сайысы аяқталды.

Сайысқа қаланың барлық мектептері белсенді қатысты, қазылар алқасының назарына 84 плакаттар ұсынылды. Барлық жұмыстар жоғары бағаға лайықты, суреттерді іріктеу қиын болды. 2016 жылғы 6 желтоқсанда өткен қорытынды акцияда №1, 50, 3, 20, 37,83 мектеп оқушылары, конкурс қорытындысы бойынша ең үздік деп танылған жұмыстары үшін грамоталар мен естелік сыйлықтармен марапатталды. Жеңімпаздарды грек-рим күресі бойынша Олимпиада ойындарының чемпионы, екі дүркін әлем чемпионы Мельниченко Ю. В. марапаттады.

P3jdARtNcbM