IMG 20170206 WA00002017 жылы 3 ақпанда ЖИТС орталығының мамандары СӨС ҚО және ДжЖҚАЖАО-мен бірлесіп, 2016-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауды дамыту «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, «Сау университеттер» ДДСҰ жобасы шегінде Астана қаласының Қазақ ұлттық хореография академиясында «ЖЖБИ-ның алдын алу, ерте жүктілік, жастардың репродуктивті денсаулығын қорғау» тақырыбында ақция өткізді.

Акция қатысушыларына: 9-11 сынып оқушыларына, академия, колледж студенттеріне, ҚазҰХА магистранттарына АИТВ жұқпасының берілу жолдары мен алдын алу шаралары, орынсыз жүктілік туралы ақпарат ұсынылып, жеке кеңес беру өткізілді.
Акция барысында, қалағандар АИТВ жұқпасына экспресс-тестілеу тексерісінен өте алды, тестілеуден 42 адам өтті. Іс-шара соңында тыңдаушыларға ақпараттық оқу құралдары таратылды. Барлығы 215 адаммен қамтылды.