2017 жылғы 1 наурыз - «Нөлдік кемсітушілік» күніне орай, ЮНЭЙДС - жаңа жаһандық науқан туралы ақпаратты ұсынды. Биылғы жылы «Нөл кемсітушілік» күнін атап өте келе, ЮНЭЙДС медициналық мекемелерде кемсітушілікті толығымен жою қажеттілігіне баса назар аударады, себебі бұл ЖИТС індетін 2030 жылға дейін тоқтату жолындағы негізгі кезеңдердің бірі болып табылады.

Біз #кемсітушіліккежолжоқ-ты қолдау үшін өз ойларыңызды ашық айтуға шақырамыз. Адамдар мен қоғамдастықтардың дауыстары бірігеді – әлем өзгереді. «Кемсітушілікке жол жоқ» мақсатына арналған арнайы күн – бұл, өзгерістердің орын алуы біздің әрбірімізге байланысты екендігін көрсету мүмкіндігі және әрбір адам қоғамдағы әділдік пен тең құқықты сақтау үшін ортаға шығу арқылы өзінің қадамын жасай алады.
Кемсітушілік пен стигмадан арылуға айтарлықтай көңіл аудара отырып, АИТВ- мен өмір сүретін адамдардың ем алу, өз өмірінің сапасын жақсарту және өмір сүруін ұзарту мүмкіндігін жақсартамыз. Кемсітушіліктен арылу негізінде халық ауру туралы, оның алдын алу және берілу жолдары жөнінде хабардар болады.