IMG 2164

2019 жылдың 28 қарашасында ЖИТС орталығының мамандары Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы аясында "Шаңырақ" жастар денсаулық орталығымен бірлесіп № 7 қалалық емхананың бекітілген тұрғындары арасында "Жастар салауатты ұрпақ үшін"акциясын өткізді.

Осы акция АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша ақпараттану деңгейін арттыруға, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының жастары арасында жауапты, қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталған. Қалаушылар АИТВ-ға экспресс-тестілеуден өте алды. Акция барысында ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.

IMG 2167