Іс-шараның басты мақсаты - бизнес құрылымдарының басшыларын Дүниежүзілік экономикалық форумының Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі, соның ішінде «АИТВ/ЖИТС-тың бизнеске әсері» көрсеткіші жөнінде хабардарлығын арттыру және ДЭФ сауалнамасын дұрыс толтыру.
Ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Ж.Айтмағанбетқызы кәсіпкерлерді ДЭФ ЖБҚИ-дегі еліміздің рейтингімен таныстырып, АИТВ-ның бизнеске әсерінің жоқ екендігін түсіндіре кетті. АИТВ жұқпасының алдын алу шаралары мен берілу жолдары туралы дәрігер эпидемиолог Д.Бексұлтанова айтып берді.
Барлық қатысушыларға ақпараттық оқу құралдары және «АИТВ-инфекциясыз Қазақстан» жадынамалары таратылып, бизнесмендерге сауалнама жүргізілді. Іс-шараға 20 адам қатысты.

IMG 8055