АИТВ-жұқпасының алдын алу мәселелері бойынша жеке мектептер басшылары мен жеке мектепке дейінгі мекемелердің қызметкерлеріне арнап семинарлар өткізді.
ЖИТС орталығының педагогы А.Т. Нурмагамбетова оқушылар мен олардың ата-аналары арасында алдын алу жұмысын жүргізудің маңыздылығы туралы және Астана қаласы бойынша АИТВ-жұқпасының эпидемиологиялық жағдайы бойынша ақпарат ұсынды. Іс-шара барысында бірлескен жұмыс мәселелері, оқушылар мен ата-аналарға арналған дәрістер тақырыптары мен күндері белгіленіп, Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің міндеттері талқыланды. Семинарға қатысушыларға ақпараттық – білім беру материалдары таратылып, ынтымақтастық туралы келісім қабылдады.

20180206 102811