"Президенттің сөйлеген сөзінің ерекшелігі - барлығы өте нақты, нақты цифрлар, мерзімдер, қаржының қайдан алынатыны көрсетілген. Осылайша, жаңғырту мәселелері кеңея түсіп, әлеуметтік жаңғыртылу жүргізілетін болады. Менің ойымша, бұл тек басы ғана. Бұл бастамалар еліміздің тұрғындары арасында үлкен орын алады. Бұның барлығы біздің қоғамды біріктіреді" – деп атап көрсетті бас дәрігер С. Әбдірайымов.Ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Ж.Айтмағанбетқызы әлеуметтік жаңғыртуға бағытталған барлық бес бастамаға тоқталып өтті: тұрғын үй сатып алу үшін жаңа мүмкіндіктер, жалақысы төмен қызметкерлер үшін салық жүктемесін азайту, жоғары білімге қолжетімділікті және сапасын арттыру, шағын кредит беруді кеңейту және елді газдандыру. Салық жүктемесін және ипотека бойынша ставкаларды азайту медицина қызметкерлері мен жас мамандар үшін өте өзекті.Іс-шараға барлығы 63 медина қызметкерлері қатысты.

sas2