Іс-шара Алматы аудандық Қоғамдық денсаулықты қорғау басқармасы мен Астана қаласының ЖИТС орталығымен ұымдастырылды.
Акция кезенде, қалағандар өздерін қызықтыратын ақпарат және АИТВ инфекциясының алдын алу сұрақтары бойынша кеңес және тестілеуден өте алды. Кенес беру барысында, ЖИТС орталығының дәрігерлері АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты, стигма мен кемсітушілікке жол бермеу, төзімділік туралы айтып берді.Іс-шарамен 65 адам, тестілеумен 17 адам қамтылды
Акция соңында, «Астана» Медициналық университетінің бірінші курс студенттері флешмоб өткізді.