2018 жылы 5 сәуірде Астана қаласында ЖИТС-ке, туберкулезге және безгекке қарсы күресу Жаһандық қорының 2018-2020 жылдарға арналған «АИТВ» компоненті бойынша грантын жүзеге асыру аясында үкіметтік емес ұйымдармен, гранттың суб-алушылармен жиналыс өтті.
Жиналысқа үйлестірушілер, бухгалтерлер, дерекқор мамандар және «Жария», «Жизнь вопреки», «Шаг в будущее», «Human Health» қоғамдық қорларының қойманы сақтауға жауапты мамандар қатысты. Жиналыстың қатысушылары жоба шеңберіндегі есептердің формалары мен көптігі, және жобаның іске асырылуының шарттарын талқылады. Жиналыстың қорытындысында мәліметтер базасы бойынша мамандарды, сондай-ақ психо-әлеуметтік кеңес берудің негіздері мен АИТВ туралы негізгі ақпараттарға аутрич-жұмыскерлерді оқыту жоспарланған.