2018 жылғы бесінші сәуірде «Денсаулық күні» акциясы аясында Астана қаласының «Тұлпар - Тальго» ЖШС өндірістік кәсіпорнында, Көліктегі қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мамандарымен бірлесіп, кәсіпорын басшылары мен қызметкерлеріне арнап акция өткізілді.

Іс-шара барысында ЖИТС орталығының дәрігер-эпидемиологы Д.Бексултанова «АИТВ-инфекциясының берілу жолдары» тақырыбында баяндама жасап, сондай-ақ, елімізде АИТВ-инфекциясының таралу деңгейі төмен екенін және ол ел экономикасына және бизнеске еш әсер етпейтінін атап өтті.

Акция соңында басшылар арасында сауалнама жүргізіліп, ақпараттық білім беру материалдары таратылды. АИТВ-ға жедел-тестілеу жүргізіліп, 24 адам қамтылды. Іс-шараға барлығы 45 адам қатысты.

IMG 09822 IMG 09911