IMG 645311

2018 жылы 13 сәуірде ЖҚЖТБ портфолио-менеджері Татьяна Винниченко жұмыс сапарымен Астана қалалық ЖИТС орталығында болды.

 Жұмыс сапарының негізгі мақсаты – халықтың осал топтары арасында атқарылып жатқан алдын алу жұмыстарымен, АИТВ-ның диагностикасы және емімен танысу, ЮНЭЙДС-тің 90-90-90 стратегиясының іске асырылу барысын, сондай-ақ ЖИТС-ке, туберкулезге және безгекке қарсы күресу Жаһандық қорының 2018-2020 жылдарға арналған «АИТВ» компоненті бойынша грантының Астана қаласында жүзеге асырылуын талқылау. Сапар барысында Т.Винниченко жаңадан ашылған Достық кабинетінің жұмысымен танысты.

Қатысушылар АИТВ-жұқпасы індетін төмендетуге бағытталған іс-шараларды және алдын алу жұмыстарын күшейту бойынша сұрақтарды талқылады.

IMG 645311 0e60aac2 aea8 4488 81b7 3d9eaf30763811111