IMG 0001

2018 жылдың 18 сәуірінде қалалық ЖИТС-ке қарсы күрес орталығының дәргерлері Астана қаласындағы «Жастар» сарайының әкімшілік қызметкерлері мен жұмысшылырына арнап, АИТВ-ның алдын алу жолдары туралы лекция өткізді.

Лекция барысында дәрігер эпидемиолог Д.Бексұлтанова АИТВ- инфекциясының таралу жолдары жайында кеңінен түсіндіріп, сонымен қатар, қатысушыларды «АИТВ індетінің таралуы», «АИТВ/ЖИТС-тың бизнеске әсері» Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің  көрсеткіштерімен таныстырды.

Іс шара соңында қатысушыларға ақпараттық парақшалар таратылып, сауалнама жүргізілді. Барлығы 42 адам қамтылды.