2018 жылғы 11-18 сәуір аралығында Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасында шағын бизнес басшылары мен қызметкерлеріне арнайы семинарлар өткізілді.Іс-шара қоғамдық денсаулық сақтау департаментімен бірлесе ұйымдастырылды. Семинарлар тақырыбы «АИТВ-жұқпасының алдын алу. АИТВ- жұқпасының бизнеске әсері».
ЖИТС орталығының дәрігер эпидемиологы Д.Бексултанова қатысушыларға Астана қаласындағы эпидемиологиялық ахуалы, АИТВ-ның таралу жолдары және вирустан қорғану шаралары туралы кеңінен айтып берді. Ол жыл сайын жүргізілетін ДЭФ индикаторларына, «АИТВ инфекциясының бизнеске әсері» көрсеткішінің маңыздылығына тоқталып өтті. АИТВ бизнеске әсер етпейді, сондықтан АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікке жол берілмейді. Семинарлар соңында басшылар арасында сауалнама жүргізіліп, ақпараттық-білім беру материалдары таратылды. Іс-шараға барлығы 24 адам қатысты.

ПП 11.04