ЖИТС орталығының мамандары қатысушыларға Астана қаласындағы эпидемиологиялық ахуалы, АИТВ-ның таралу жолдары және вирустан қорғану шаралары туралы кеңінен айтып берді. Оған қоса жыл сайын жүргізілетін ДЭФ индикаторларына, «АИТВ инфекциясының бизнеске әсері» көрсеткішінің маңыздылығына тоқталып өтті. АИТВ бизнеске әсер етпейді, сондықтан АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікке жол берілмейді. Семинарлар соңында басшылар арасында сауалнама жүргізіліп, ақпараттық-білім беру материалдары таратылды. Іс-шараға барлығы 278 адам қатысты.