IMG 2584 08 11 18 12 50
2018 жылғы 8 қарашада Астана қаласының әкімдігінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР Қоғамдық даму министрлігі, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, қоғамдық даму істері басқармасы, "Аман-саулық" ҚҚ, ЖИТС, туберкулез және безгекпен күрес жөніндегі Жаһандық қор, сондай-ақ Астана қаласының ЖИТС орталығының қатысуымен ЖИТС-сервистік ҮЕҰ әлеуметтік келісім-шарттарының механизмін енгізу және кеңейту мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті.

Кеңестің негізгі мақсаты АИТВ-ң алдын алуда тұрақты шараларды қамтамасыз ету үшін өзара іс-қимылды нығайту, сондай-ақ халықтың негізгі топтары арасында АИТВ-инфекциясының таралуын төмендету мәселелері.
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары А. Рүстемова ЖТМЖҚ-ға қолдау көрсеткені және әріптестігі үшін алғыс айтып, жергілікті атқарушы органдар бағдарламалық индикаторларға қол жеткізу және одан әрі тұрақты ұстап тұру үшін барлық күш-жігерін жұмсайтынын атап өтті.
Кеңес барысында ЖИТС орталығының бас дәрігері елордада АИТВ-инфекциясының сырқаттанушылығының эпидемиологиялық жағдайы, оның ішінде ЖТМЖҚ грантын іске асыру шеңберінде халықтың негізгі топтары арасында жүргізілген алдын алу жұмыстарының нәтижелері туралы презентацияны ұсынды.
Кеңес соңында тараптар қорытынды жасады, проблемалық мәселелер мен одан әрі өзара іс-қимыл жасау үшін жаңа міндеттер айтылды.