PnW1J 9Kg90

2018 жылғы 31 қазанда Астана қаласы әкімдігінің "ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы" МКҚК базасында Астана қ. ҚДСД және ҚР ДСМ ТҒӨО мамандарымен бірлесіп донорлық материалдардың инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша семинар өткізілді.

ЖИТС орталығының дәрігер- эпидемиологы Е. С. Абдрахманов Жамбыл облысы, Тараз қаласында АИТВ жұқтырған науқастан донорлық материалды трансплантациялау фактісі туралы, медицина қызметкерлері арасында АИТВ-ның эпидемиологиялық жағдайы туралы баяндады. ҚР заңнамасына сәйкес донорлық материалдың инфекциялық қауіпсіздігі мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталды.
Астана қаласы бойынша ҚДСД бөлімінің басшысы С. М. Аубакирова дезинфекциялық-зарарсыздандыру режимін сақтаудың және АИТВ, ВГВ, ВГС-ның алдын алу бойынша іс-шараларды жүргізудің негізгі аспектілері туралы презентация ұсынды.
ҚР ДСМ ТҒӨО дәрігер- эпидемиологы Г. Е. Айтуғанова қатысушыларға ағза және жыныстық жасушалардың донорларының трансфузиялық инфекцияларына тестілеу тәртібі туралы айтып берді.
Іс-шарамен барлығы 32 адам қамтылды.