IMG 3022 22 11 18 11 21

2018 жылы 22 қарашада ЖИТС-ке қарсы дүниежүзілік кампания аясында кезекті іс-шара ұйымдастырылды. ЖИТС орталығында Астана қаласының АМСК ұйымдарының терапевт-дәрігерлер және жалпы тәжірибе дәрігерлер үшін "Жизнь вопреки" қоғамдық қорымен бірлескен семинар-тренинг өткізілді. Семинардың мақсаты АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға (АӨСА) медициналық-әлеуметтік көмек көрсету негіздеріне алғашқы буынның медицина қызметкерлерін оқыту болып табылады.

Орталық заңгері Ш. Шамсутдинов семинарға қатысушыларды АӨСА құқықтары бұзылған жағдайда қарастырылған жауапкершілік туралы ақпаратпен таныстырды. Өкінішке орай, стигма мен кемсітушілік ұғымдары АИТВ-мен 30 жылдан астам уақыт бірге келе жатыр, сонымен бұндай фактілер медициналық қызмет көрсетілгенде кездеседі. "Жизнь вопреки" ҚҚ осындай оқиғаларға мониторинг жүргізіп, құқықтық және психологиялық көмек көрсетіп тұрады. Дәрігер-инфекционист Ә. Серғалиева АМСК ұйымдарының қызметкерлеріне АИТВ клиникасы мен емдеу, оппортунистік инфекциялары бар науқастарды қарау және де денсаулық мекемелерінде кемсітушіліктің алдын алу туралы айтты.

IMG 3043 22 11 18 11 21