IMG 7896

2018 жылдың 27 қарашасында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы аясында Көліктегі Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мен Астана қаласының ЖИТС орталығының ұйымдастыруымен "Қазаэронавигация" РМК басшылығы мен қызметкерлері үшін акция өткізілді.

Осы іс-шараның мақсаты - АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша ақпараттану деңгейін арттыру, сондай-ақ халықтың назарын өзінің АИТВ-статусын және тестілеу қажеттілігін білудің маңыздылығына аудару. 

Акция барысында ниет білдірушілер АИТВ-ға жедел түрде тексеруден өтіп, барлығы 57 адам қамтылды, тестілеуден 40 адам өтті.

IMG 7917