Б1111

2018 жылдың 29 қарашасында ҚР Қорғаныс министрлігінің  Бас әскери клиникалық госпитальдың конференц-залында ЖИТС орталығының мамандары ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған семинар өткізді.

Семинар барысында мамандар АИТВ-жұқпасының эпидемиологиялық жағдайы, алдын алуы, АИТВ жұқтырғандарды  шеттетуі және таңба тағу туралы түсіндірді. Госпитальдың медициналық  қызметкерлерінің, апаттық жағдайда антиретровирустық ем, экспресс-тест әдісі, АИТВ-жұқтырған әскери қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуы және тағы басқа сұрақтарына жауап берілді.

Семинар соңынан ақпараттық білім беру құралдары таратылды.

Б1112