NUR 1063

2018 жылғы 7 желтоқсанда Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен Қоғамдық даму істері басқармасының қолдауымен Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы кампания аясында «Ханшатыр» ойын-сауық орталығында қала тұрғындары мен қонақтары үшін «Өз мәртебеңді біл» атты кең ауқымды акция өтті.

Акцияның құрметті қонақтары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты З. Аманжолова, Олимпиада чемпионы, ЮНЭЙДС-тің Қазақстандағы арнайы елшісі Б. Артаев, продюсер Алпамыс Шаримов, қалалық мәслихат депутаты Зейнолла Шибкенов, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Досымжан Таңатаров, жастар көшбасшысы, блогер Ерғазы Әзімханұлы болды. Сонымен бірге акцияға Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті, Кәсіпкерлер палатасы және үкіметтік емес ұйымдар қатысты.

Ерте диагностикалаудың және тестілеудің қол жетімділігінің арқасында біздің қаламызда адамдардың 84% - дан астамы өздерінің АИТВ статусын біледі. Мұндай жоғары көрсеткіш АИТВ диагностикасын 77% - ға ерте кезеңде қамтамасыз етуге, уақтылы медициналық көмек көрсетуге және емдеуді бастауға мүмкіндік берді.

Акцияға қатысушылар бірінші болып, қан алуды қажет етпейтін, материал ретінде сілекей зерттеліп, инвазивті емес экспресс-тесттерді сынауға, тестілеу нәтижесін 15-20 минуттан кейін алуға мүмкіндік алды.

ЖИТС орталығының бас дәрігері С.Абдраимов экспресс-тестілерді қолдану халықтың осал топтарын тестілеуге қолжетімділікті кеңейтуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Бұл экспресс-тестілер бірқатар артықшылықтарға ие: қысқа мерзімде нәтиже алу, орындау оңай, оңай түсіндіріледі, сақтау шарттарына ең аз талаптар қояды, арнайы жабдықты пайдалануды талап етпейді.

Акция әнші Досымжан Таңатаровтың қатысуымен концерттік бағдарламамен және «Астана» медуниверситеті мен «Даналық» колледжі студенттерінің флешмобымен сүйемелденді. АИТВ-жұқпасының алдын алу бойынша жақсы білімі үшін акцияға қатысушыларға сыйлықтар берілді, ал әлеуметтік желілердің белсенді пайдаланушылары үздік пікірлері үшін Бахтияр Артаевтың қолтаңбасы бар бокс қолғаптарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Іс-шара қызыл шардан жасалған салютпен аяқталды. Барлығы 800-ден астам адам қамтылды, тестіленгендер-83 адам, барлық қатысушыларға АИТВ-ның алдын алу бойынша буклеттер мен күнтізбелер таратылды.

NUR 1027 NUR 1083 NUR 1127 NUR 1063