IMG 20160422 1301542016 жылы 22 сәуірде ЖИТС орталығының мамандарымен «Эталон» базарының қызметкерлеріне АИТВ сұрақтары бойынша дәріс өтті.

Эпидемиолог дәрігерлер Д.Т. Бексұлтанова, Г.Е. Каратаева қаладағы АИТВ/ЖИТС бойынша эпидемиологиялық жағдайын, алдын алуын, берілу жолдары туралы толық көлемде ақпарат ұсынды.
Тыңдаушылар белсенді сұрақтар қойып, толық ауқымды жауаптарын алды. Барлығына ақпараттық-оқу және жеке қорғаныс құралдары таратылды. Іс-шарамен 85 адам қамтылды.