Ұлттық аккредиттеу орталығы ILAC зертханаларын аккредиттеу бойынша халықаралық ынтымақтастықтың толық құқықты мүшесі және ILAC MRA сынақтық және калибрлеу зертханаларын аккредиттеу бойынша (ISO/IEC 17025) өзара тану туралы келісімдердің қатысушысы және 2017 жылдан бастап APLAC зертханаларын аккредиттеу бойынша Азия-Тынық мұхиты ынтымақтастығының толық құқылы мүшесі болып табылады.

Аттестат аккредитации каз

Аккредиттеу АИТВ инфекциясының диагностикасы саласындағы сәйкестікті бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруда ЖИТС орталығының құзыреттілігінің дәлелі болып табылады, қызметтер сапасын жетілдіруге ықпал етеді және бәсекеге қабілеттілікті арттырады. 

ЖИТС орталығының диагностикалық зертханасы АИТВ инфекциясының және вирустық гепатиттердің диагностикасы бойынша зерттеулер жүргізуде 20 жылдық тәжірибесі бар, жыл сайын мұнда 300 000-нан астам зерттеулер жүргізіледі, зертханалық процестің барлық кезеңдерінде зертханалық зерттеулердің сапасы мен дәлдігі қамтамасыз етіледі. Зертханада жоғары білікті персонал жұмыс істейді 100% зертхана қызметкерлерінің жоғары және бірінші біліктілік санаты бар.

Орталық заманауи кәсіби жабдықтармен жабдықталған, ал мамандардың практикалық тәжірибесі мен біліктілік деңгейі барлық пациенттерге сапалы медициналық қызметтерге қолжетімділікке кепілдік береді.