IMG 0474

2019 жылы 14 ақпанда «Еуразия» сауда орталығында Астана қаласының ЖИТС орталығының мамандары Астана қаласының Алматы ауданының Қоғамдық денсаулық басқармасымен, ШЖҚ МКК «№6 қалалық емхана» мамандарымен бірлесіп «Өз денсаулығың өз қолыңда» акциясын өткізді. 

Акцияның мақсаты-халықты АИТВ-инфекциясының берілу жолдары мен алдын алу шаралары туралы, сондай-ақ АИТВ-жұқпасына тестілеуден өту маңыздылығы мен АИТВ мәртебесін білу туралы хабардар ету.

Акция кезінде тілек білдірушілер АИТВ-ға экспресс-тестінен өтіп, қандағы глюкоза деңгейін тексеріп, қан қысымын өлшеп, скринингтік тексерулерден өту мәселелері бойынша дәрігер-терапевттен кеңес ала алды.

IMG 0483 IMG 0484