IMG 2364

2019 жылғы 18 ақпанда Астана қалалық ЖИТС Орталығы Душанбе қаласында өткен, Орталық Азия елдерінде АИТВ-ға жедел тестілеуді енгізу мәселелері бойынша жұмыс кеңесіне қатысты. Жұмыс семинарының күн тәртібінде Қырғызстан, Тәжікстан және Қазақстан елдерінде тестілеу және экспресс-тестілеу сапасын қамтамасыз ету бойынша шараларды енгізу мәселелері қаралды.

CDC, CLSI өкілдері пациентке көмек көрсету орны бойынша тестілеу сапасын қамтамасыз ету және тестілеу бойынша ДДҰ-ның ақпараттық материалдарын, ВОК/ПТ бағдарламаларының негізгі элементтерін, сондай-ақ олардың құрғақ пробиркаларының панельдік жиынтығын әзірлеу және енгізу мәселелерін ұсынды.