280220191

12.02.2019ж. Астана қаласы №2 көпбейінді қалалық аурухананың перзентхана блогының конференц-залында АИТВ-жұқпасының алдын алу туралы семинар өткізілді. Семинарға перзентхананың дәрігерлері, медбикелері, акушеркалары,  лаборанттары қатысты.

Семинар барысында эпидемиологиялық жағдай, АИТВ-жұқпасын алдын алу шаралары, АИТВ-жұқпасына конфиденциалды медициналық тексерілудің ережелерінің сақталуы, жүқті әйелдерге тесттілеу алдында және соңында кеңес беру, апаттық жағдайларда медициналық қызметкерлері арасында АИТВ-ның алдын алу туралы айтылды. Медициналық қызметкерлерге қолданылып жүрген нормативті құжаттар туралы ақпарат жеткізілді.         Семинар соңында сұрақтарға жауап берілді.

28022019