IMG 0675

2019 жылдың 27 ақпанында Астана қаласы әкімдігінің ЖИТС орталығының конференц залында аудармашы А.Атанбаева ұйым қызметкерлеріне «Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелерімен таныстыру, оқуға, жазуға дағдыландыру» тақырыбында тренинг өткізді.

Қазіргі күн тәртібіндегі өзекті мәселенің бірі – қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру. Тренинг барысында жаңа әліпбидегі қазақ тіліне тән дыбыстардың жазылу ерекшеліктеріне тоқталды. Сонымен қатар шет тілінен енген сөздердегі «ё», «я», «ю» сияқты әріптердің фонетикалық принцип бойынша, яғни айтылым заңдылығы бойынша жазылатындылығы түсіндірілді.

IMG 0678 IMG 0673