фото тоо казмедиа

2018 жылы 08-15 қазан аралығында ЖИТС орталығының мамандары «НұрКазМедиа» ЖШС, «Стройдекор 777» ЖШС, «6VD» ЖШС, «Бахус-Центр» ЖШС,  «КенМарт» ЖШС,  «NZ Радио Астана» ЖШС, «Элит АРТ» ЖШС, «Центр исследования качества услуг» ЖШС басшылары мен қызметкерлері арасында «АИТВ алдын алу шаралары», «АИТВ-ң бизнеске әсері» және «МӘМС жүйесін енгізу» туралы дәрістер өткізді.

Орталық мамандары Астана қаласында АИТВ бойынша эпидемиологиялық  ахуалына, таралу жолдары мен алдын  алу шараларына, сондай ақ, МӘМС жүйесінің енгізілуіне толығырақ тоқталып өтті. Дүниежүзілік Экономикалық Форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі мен «АИТВ-ң бизнеске әсері» көрсеткішін түсіндірді. Бүгінгі таңда АИТВ/ЖИТС бизнеске ешқандай жағымсыз әсерін тигізбейді, АИТВ-ң емі мен тексерілуі мемлекет тарапынан тегін жүргізіледі.

Барлық қатысушыларға ақпараттық-білім беру материалдары мен жеке бас қорғаныш құралдары таратылып, басшылар арасында сауалнама жүргізілді. Барлығы – 283 адам қамтылды.

тоо кенмарт