ЮНЕЙДС-тің бағалауы бойынша 2013 жылы:

бүкіл әлемде 35 [33,2–37,2] миллион адам АИТВ-мен өмір сүрген
алғаш рет 2,1 [1,9–2,4] миллион адам АИТВ жұқтырған
1,5 [1,4–1,7] миллион адам АИТВ-ға байланысты аурудан қайтыс болды

ЮНЭЙДС-тің жаңа баяндамасына сәйкес бүкіл әлемдегі АИТВ-мен өмір сүретін 35 миллион адамнан 19 миллион адам өздерінің АИТВ-ға оң нәтижелі статустарын білмейді.
Африкадағы Сахарадан оңтүстікке қарай 90%-ға дерлік өз АИТВ статустарын білетін адамдар ем алады, ЖИТС індетін құрту үшін кемшілікті жою ауқымын дұрыс кеңейту қажет болады.
«Аман қалу немесе қалмауларың АИТВ-ға тестілеуге қол жетімділікке тәуелді болмауы керек», - деді ЮНЭЙДС-тің атқарушы директоры Мишель Сидибе – өздерінің АИТВ статустарын білетін және білмейтін адамдардың, қызмет ала алатын және ала алмайтын адамдардың, қорғалған адамдардың және жазаға тартылған адамдардың арасындағы алшақтықты жою үшін ауқымдылықты дұрысырақ кеңейту талап етіледі.
ЮНЭЙДС Gap Report баяндамасында көрсетілгендей адамдар өздерінің АИТВ статустарын білген кезде, сақтану үшін емге жүгінеді. Африкадағы Сахарадан оңтүстікке қарай 90%-ға дерлік АИТВ-ға оң нәтижелі адамдар ретровирусқа қарсы терапияға мүмкіндік алды. Сондай-ақ Африкадағы Сахарадан оңтүстікке қарай ретровирусқа қарсы терапия алатын 76% адамда вирустық жүктіліктің басылғаны анықталған яғни олардың серіктестеріне вирусты жұқтыру ықпалдығы айтарлықтай төмендегенін зерттеулер көрсетіп отыр. Жаңа деректер талдауы яғни әр емдеумен қамтылудың 10%-ға артуы АИТВ-мен өмір сүретін адамдар арасында жаңа инфекциясының төмендеуін 1%-ға қамтамасыз етеді.
Баяндамада ретровирусқа қарсы терапияны кеңейтуге бағытталған шаралардың жұмыс істегені айтылады. 2013 жылы өмірлік маңызы бар дәрілік заттарға қол жетімділікке ие адамдар 2,3 миллионға артты. 2013 жылдың нәтижесінде ретровирусқа қарсы емге қол жетімділікке ие адамдар 13 миллион адамға дерлік жетті. ЮНЭЙДС-тің қызмет ауқымын кеңейту туралы алдыңғы деректердің негізінде жасалған болжамы бойынша 2014 жылғы шілдеде АИТВ-ға байланысты емді 13 950 296 адам қабылдады.
«Егер ауқымды кеңейту 2020 жылға дейін жылдам қарқынмен жүретін болса онда біз 2030 жылға дейін індетті жоя аламыз, олай болмаған жағдайда ол үшін бізге көбірек уақыт – егер одан көп болмаса қосымша 10 жыл қажет болуы мүмкін»,- деді ЮНЭЙДС-тің атқарушы директоры Мишель Сидибе.
Егер әлем 2030 жылға дейін ЖИТС індетін жоя алса, онда 2013-2030 жылдар аралығында ЖИТС-пен байланысты 11,2 миллион өлімді және 18 миллион жаңа АИТВ жұқпасын жоюға мүмкіндік беретін еді.
2013 жылы 2,1 миллион жаңа АИТВ жұқпасынан 75%-ы 15 елде ғана тіркелді. Әлемдегі әр өңірде індеттің ауыртпалығын көтеріп отырған үш немесе төрт ел бар. Африкадағы Сахарадан оңтүстікке қарай жаңа АИТВ жұқпасының 48%-ы үш елдің Нигерияның, Уганданың және Оңтүстік Африканың үлесіне келеді.
Алайда, баяндамада көрсетілгендей кейбір елдер туралы ұмытылып кетеді, мысалы: алты ел – Орта-Африка Республикасында, Демократикалық Республика Конго, Индонезия, Нигерия, Ресей Федерациясы мен Оңтсүтік Суданда – үш есе қауіп төніп тұр – АИТВ-ның көптеген ауыртпалығы, АРТ-мен қамтылудың төмендігі және жаңа АИТВ жұқпасының төмендеуінің болмауы немесе әлсіз төмендеуі.
ЮНЭЙДС Gap Report баяндамасында бірінші құжат болып саналатын яғни АИТВ жұқтыруға бейім аса қауіпті тұрғындардың 12 тобына талдау және АИТВ індетіне терең өңірлік талдау жүргізу жолымен тұрғындардың топтарын және мекенжайларын есепке алу маңыздылығы ескеріледі. Баяндамада АИТВ-ға байланысты профилактикаға, емге, күтуге және қолдауға қол жетімділікке ие және ұмытылғандар туралы алшақтықтың себептерін қарастырады. Қызмет түрлерін алмайтын тұрғындар тобына және АИТВ жұқтыруға аса бейім тұрғындар тобына қалайша ерекше көңіл бөлу керектігі ЖИТС індетін жою үшін шешуші болатыны аталған.
Бағалау бойынша Иньекциялық есірткіні тұтынушылар арасында АИТВ-ның таралғандығы ересек тұрғындар арасында 28 есе, секс-бизнес қызметкерлері арасында 12 есе, гей еркектер арасында және еркектермен жыныстық қатынас жасайтын еркектер арасында – 19 есе, және де трансгендерлі әйелдер арасында 49 есеге артып отыр.
Африкадағы Сахарадан оңтүстікке қарай қыздар-жасөспірімдерге және жас әйелдерге 4 жаңа АИТВ жұқпасының 1-уі келеді. Баяндамада неге тұрғындардың белгілі бір топтары АИТВ-ға қатысты қызметке қол жетімділікке ие еместігі талданады, сондай-ақ осындай топтардың нақты мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін аса қажеттілігі байқалды.
«ЖИТС-ті жою үшін АИТВ-мен өмір сүретін және індетке шалдыққан адамдарды бірінші орынға қою және жаңа қозғалыстың құрамдас бөлігі болуын қамтамасыз ету қажет» Егер біз адамдарға бағдарланған тәсілді қолданбасақ, 2015 жылдан кейін алға жылжи алмаймыз»,- деді Сидибе.
Баяндамада жай ғана жалпы елдік тәсілмен емес анағұрлым терең талдауды қолданудың маңыздылығы мен мүмкіндігі көрсетіледі. Елдер мен өңірлердегі індеттің көптігі мен айырмашылығы болғандықтан яғни елдік мақсатты көрсеткіштер мен оңтайлы саясаттың болуы адамдарды АИТВ-ға байланысты сапалы қызметтермен жылдам қамтуға мүмкіндік беретін стандартқа сай емес шағын шешімдерді пайдалану арқылы шағын індетпен күресу үшін кеңістік жасалатыны баяндамада аталады.
Сондай-ақ ірі қалалар мен қоғамдастықтар ауқымды тиімді кеңейтуде анағұрлым маңызды роль атқарады.
Сонымен бірге баяндамада көрсетілгендей, стигма мен дискриминацияның кең таралуымен үйлестіктегі АИТВ-ға шалдыққан басқа адамдар туралы деректердің жоқтығы, жазалау заңдарын қолданумен, азаматтық қоғамды тартудағы кедергілердің болуы мен арнайы бағдарламаларға инвистицияның жоқтығы қажетті нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік бермейді.
Баяндамада тағы бір рет дәлелденіп отыр, яғни дискриминациямен күреспейтін және теңсіздіккке жол беретін елдер, өз әлеуетін толықтай жүзеге асыра алмайды ал бұндай әрекетсіздік денсаулық сақтау мен қаржыландыру саласында айтарлықтай зардап шегуге апарып соғады.
Баяндамада АИТВ-ға байланысты сапалы қызметке тең құқылы қол жетімділікті қамтамасыз етуге қажеттілік яғни адам құқығы мен халық денсаулығын қорғау жағынан өте маңызды екендігі көрсетіледі.
ЮНЭЙДС жаңа АИТВ жұқпасының осы жүз жылдықтағы ең төменгі деңгейін 2,1 [1,9–2,4] миллион көрсетті. Тек қана соңғы үш жылда жаңа АИТВ жұқпасының саны 13%-ға төмендеді.
Бағалау бойынша 2013 жылдың соңында бүкіл әлемде АИТВ-мен 35 миллион адам өмір сүрген. ЖИТС-пен байланысты өлім саны 2005 жылдан кейін ең төменгі дәрежеде болды - 35%-ға төмендеген. АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың қайтыс болуының себебі осы күнге дейін туберкулез болып қала бермек.
2001 жылдан бастап балалар арасындағы жаңа АИТВ жұқпасының саны 58%-ға төмендеді және анағұрлым індетке шалдыққан Африканың 21 елінде 200 000-ден аз болды. АИТВ-мен өмір сүретін ең көп адамдар саны Африкадағы Сахарадан оңтүстікке қарай – 24,7 [23,5–26,1] миллион адам тіркелген. Саны жағынан АИТВ-мен өмір сүретін ең көп адамдар саны Азия-Тынық мұхит өңірлері – бағалау саны 4,8 [4,1–5,5] миллионды құрайды.
АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың ем алған Батыс Еуропа мен Солтүстік Америка ең жоғары пайызға ие болды– 51% [39%–60%] және Латын Америкасында – 45% [33%-51%]. Сонымен қатар ең төменгі қамтылу Таяу Шығыс мен Солтүстік Америкада не бәрі 11% [8%-16%] тіркелген.
Әсіресе жаңа АИТВ жұқпасының саны Кариб бассейнінде 2005 жылдан соң 40%-ға азайған, сондай-ақ 2005 жылдан кейін жаңа АИТВ жұқпасының саны Таяу Шығыста 7%-ға және Солтүстік Америкада, Шығыс Еуропада және Орталық Азияда 5%-ға артқан.
ЖИТС-пен байланысты өлім саны Таяу Шығыста және Солтүстік Америкада 66%-ға өсті. ЖИТС-пен байланысты өлім санының артуы яғни 2005-2013 жылдар аралығында 5%-ға артқан Шығыс Еуропа мен Орталық Азия.
Баяндамада көрсетілгендей АИТВ-ға байланысты қызметтермен қамтылған және қамтылмағандардың арасындағы алшақтықты жою үшін зерттеулер мен инновациялар қажет сондай-ақ барлық адамдар үшін еркіндік мен теңдікке мүмкіндік беретін заңдар қажет.
Және де бұл әлемдік қоғамдастық пен анағұрлым мәселе көтерілген елдердің тарапынан бұлжымастық деңгейін арттыруды талап етеді және бұдан әрі соңғы 10 жылда капитал салымнан таңқаларлық қайтарымды және 2030 жылға дейін ЖИТС індетін жойғанымызды көрсек.


http://www.unaids.org материалдары бойынша