фото2
2018 жылғы 24 қазанда Астана қаласының ЖИТС орталығының қызметкерлері Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының алғашқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі Алматы декларациясының қабылданғанына 40 жыл толуына арналған ғаламдық халықаралық конференция аясында ұйымдастырылған «Сөзден іске/ walk the talk/ от слов к делу» атты бірегей акциясын қатысып, қолдау жасады.

Акцияны ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы, Астана қаласының әкімдігі, Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы ұйымдастырды.
Іс - шараны өткізудің мақсаты - физикалық белсенділікті насихаттау, күнделікті қозғалыс белсенділігіне бейімділікті қалыптастыру, елдегі қоғамдық денсаулықты сақтау бойынша барлық мүдделі тараптардың күш-жігерін біріктіру, денсаулықты, атап айтқанда "Health for all" аясында физикалық белсенділікті нығайту мақсатында жаһандық қозғалысты қолдау. Іс-шара Астана қаласының әкімі Б.Т.Сұлтановтың, ҚР Денсаулық сақтау министрі Е.А. Біртановтың, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Тедрос Гебрейесустың, ЮНИСЕФ-тің Шығыс Европа Орталық Азия елдері бойынша өңірлік директоры Афшан Хан құттықтау сөздерінен басталды.
Акцияның шарықтау шегі өнер, спорт, эстрада әлемінің белгілі тұлғалары - Денсаулық елшілері атағын алған сәт болды. Олар - бүкіл адамзат тарихындағы алғашқы және жалғыз атлет, Африканың, Австралияның және Американың ең ірі шөлдерін жалғыз жүгіріп өтіп, бірнеше әлемдік рекордтарды орнатқан, олардың жетеуі Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген – Марат Жыланбаев. 1996 жылы грек-рим күресінен (Атланта, АҚШ) XXVI Олимпиада ойындарының чемпионы, Қазақстанның 7 дүркін чемпионы, әлем чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Юрий Мельниченко. "Спарта-Астана" КВН командасының капитаны, халықаралық КВН клубының тарихында алғаш болып 2017 жылы Қазақстаннан келген жоғарғы лиганың чемпионы Данияр Жұмаділов атанды.
Астана қаласының ЖИТС орталығы 3 км, 1 км қашықтықта және 1,2 км скандинавтық жүріс бойынша жүгіріске қатысты.
Елорда тұрғындары мен қонақтарына белгілі әртістердің қатысуымен концерттік бағдарлама, зумба, бачат бойынша жаттықтырушы-нұсқаушылармен жаттығулар, сондай-ақ флешмоб ұйымдастырылды.

фото2 44817993 279135772722611 3114974384893198336 n fec59eda 5630 4d97 8ddc c54bd763b3b4