IMG-20150605-WA0009

05.06.2015ж., Астана қаласының әкімдігі ЖИТС орталығында біріккен іс шаралар жоспарының аясында Астана қаласы бойынша қылмыстық-түзету жүйесі комитет Департаментімен ведомствоаралық кеңес болып өтті. 

 

Кеңесте ЕЦ 166/1,166/5,166/22 мекемелерінің бастықтары, ГМОО бас мамандары, ҚТЖКД маманы әділет мойоры Бузова Т.М. және жоғарыда көрсетілген мекемелерінің емдеу-алдын алу жұмыстары бойынша бастықтарының орынбасарлары қатысты. Пенитенциарлық жүйедегі АИТВ-инфекциясы сұрақтары талқыланды.
ЖИТС орталығының мамандары бас бостандығынан айырылған орындардағы эпидемиологиялық жағдайды, АИТВ-жұқтырған сотталғандардың диспансерлік жағдайы және емдеуі туралы баяндады. Жазасын өтеу кезінде сотталғандардың мекеме ішіндегі жұқтыру фактілері өткір талқыланды. Сотталғандар АРВТ жолын ұстаушылыққа қауқарсыз. Бас бостандығынан айырылғандардың өз денсаулығына деген жауапкершілігі жоқ.
ҚТЖКД өкілдері бос бостандығынан айырылған орындарындағы АИТВ/ЖИТС-ң таралуын болдырмауды алдын алуға арналған жұмыстардың жүргізілуі туралы айтып берді, сондай ақ өздерінің мекемелеріндегі МСБ –ң қамтамасыз ету мәселелерімен бөлісті. Кеңес қорытындысы бойынша әрі қарай өзара қарым-қатынас және бар мәселелерді бірігіп жою туралы шешім қабылданды.

IMG-20150605-WA0017