Pasport image 956 0

2018 жылы 16 шілдеде «Астана» республикалық телеарнасында, АИТВ-инфекциясының емі мен алдын алу шараларына арналған Айнұр Тажинаның «Дәрігер ұсынады» атты авторлық бағдарламасының кезекті шығарылымы жарық көрді.

PHOTO 2018 07 18 14 31 32 1

2018 жылдың 10-18 шілде аралығында ЖИТС орталығының мамандары «Лифтстройсервис» ЖШС, «Рухани орда» ЖШС, «Пери-Изат» ЖШС, «АБК лаборатория» ЖШС, «Проект энергострой» ЖШС, «Лавандерия» ЖШС, «Наяда Астана» ЖШС,  «Спецмонтаж НС» ЖШС,  «Евразметалл Казахстан» ЖШС жұмысшылары мен басшыларына «АИТВ-ның бизнеске әсері. Астана қаласында АИТВ/ЖИТС эпидемиологиялық ахуалы және таралу жолдары. МӘМС жүйесінің енгізілуі» тақырыбында семинарлар өткізді.

NgNdmg6yMBQ

2018 жылы 11 шілдеде Денсаулық сақтау басқармасы, Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы, ЖИТС орталығының бірлесіп қатысуымен Астана қаласы «Жерұйық» саябағында «Денсаулық кепілі - Денің сау болсын! - Дені сау болу!» ұраны аясында «Денсаулық−салауатты әдет" атты жалпы республикалық науқан өтті.

DCS 2796

2018 жылы 28-шы маусымда Астана қаласы ЖИТС орталығы нашақорлықпен және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес айлық шеңберінде Астана қаласының ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының ұйымдастыруымен ЕЦ 166/5(Ақмола облысы, Аршалы кенті) түзету мекемесінде ақпараттық бюро негізінде есірткіге тәуелділіктің алдын-алу шарасына қатысты.

BJZM5491

2018 жылы  26-шы маусымда Астана қаласы ЖИТС орталығы,  «Право» қоғамдық қоры, Астана қаласы Наркология және психотерапия ортылығы, ҚР ІІМ Көлік ішкі істер Департаменті, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының бірлесіп қатысуымен «Астана-1» теміржол вокзалында  қала тұрғындары мен қонақтарына  Халықаралық бейбітшілік пен есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне арналған  «Отбасыдағы бейбітшілік сізден басталады!» науқаны өтті.