Ағымдағы жылдың 28 мамырында ЖИТС орталығының мамандарымен №3, №4 автопарк ұйымдарының жұмысшыларына «АИТВ жұқпасының берілу жолдары, ҚР және Астана қаласы бойынша АИТВ жұқпасының эпидемиологиялық жағдайы» туралы дәрістер өткізілді.
Тыңдаушыларға АИТВ жұқпасының алдын алу шаралары жайында егжей-тегжейлі түсіндіріліп, АИТВ-жұқпасының берілуі туралы қызықты деректер ұсынды.Семинардың бір бөлігінде дәрістің алдында және соңында 20-50 жас аралығындағы жұмысшылардың білімдерін тексеретін дейінгі-кейінгі тестілеу сауалнамасы жүргізілді.АИТВ/ЖИТС туралынегізгі түсініктер,қысқаша мазмұндалған білімдерді тасымалдайтын кітапшалар және үнпарақтар, сонымен бірге жеке қорғаныс құралдары (мүшеқаптар) таратылды. Дәрістерге 165 адам қатысты.