150615

 

2015 жылдың 13 маусымында ЖИТС орталығының мамандарымен «Даулет» сауда орталығы ұйымының жұмысшыларына «АИТВ жұқпасының берілу жолдары. ҚР және Астана қаласы бойынша АИТВ/ЖИТС-тың эпидемиологиялық жағдайы» тақырыбына лекция өткізілді. Сауда орталығының жұмысшыларына АИТВ жұқпасының берілу жолдары туралы қызықты деректер ұсынылды. АИТВ жұқпасының алдын алу сұрақтары бойынша жұмысшылардың білімдерін тексеретін дейінгі-кейінгі тестілеу сауалнамасы жүргізілді. Тыңдаушыларға ақпараттық-оқу құралдары (кітапшалар, үнпарақтар), сонымен бірге жеке қорғаныс құралдары (мүшеқаптар) таратылды.