2015 жылдың 17 шілдесінде ЖИТС орталығының мамандары  «Астана Зеленстрой» АҚ ұйымының  жұмысшыларына  дәріс өткізді.

 

 

 Мамандар АИТВ инфекциясының берілу жолдары, алдын алу, Астана қаласындағы АИТВ-жұқпасының эпидемиологиялық жағдайы жайлы мағлұмат берді. АИТВ инфекциясы сұрақтары бойынша жұмысшылардың білімдерін тексеру үшін  сауалнама жүргізілді. Қатысқандар саны 78 адам. Тыңдаушылар дәріске белсенді қатысып, алған ақпараттарды талқылап, қызықты сұрақтар қойды. АИТВ/ЖИТС туралы білімдерді тасымалдайтын кітапшалар және үнпарақтар, сонымен бірге жеке қорғаныс құралдары (мүшеқаптар) таратылды.