18112014 жылдың 18 қарашасында Астана қаласында БАҚ-на баспасөз баяны болып өтіп, Бүкіләлемдік ЖИТС-н күресу кампаниясы аясындаға айлықтың барысында іс шараларына кірісіп кетті. АИТВ-инфекциясының алдын алу айлығы Астана қаласында ағымдағы жылдың 10 қарашасымен 10 желтоқсаны арасында «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламаның іске асыру мақсатында өткізілмек.


Бүкіләлемдік ЖИТС –н күрес күні 2011 жылдан бастап мына ұран «Жаңа АИТВ жұқпасы ноль. Дискриминация ноль. ЖИТС-ның салдарынан қайтыс болу ноль» бойынша өтуде. Аталған ұран адам құқығын қорғауға және алдын алуға, емдеуге, күтуге және АИТВ-жұқтырғандарды және ЖИТС-пен ауратындаға мүмкіндікті қамтамасыз етеді.
Өткізіліп жатқан айлықтың мақсаты, қоғамның назарын аударуға және АИТВ инфекциясы жағдайын жақсартуға арналған күшті жұмылдыру. Қалалық ЖИТС орталығы мамандары және СӨС орталығы айлықтың барысында бірқатар кеңкөлемді іс шаралар өткізуді жоспарлауда, ең алдымен АИТВ-инфекциясының алдын алу сұрақтар мәселесінде тұрғындарды ақпараттандырды жоғарлатуға бағытталған, әсіресе жастарды. Осымен қатар, мамандар төзімділікке және шыдамдылыққа, қоғамда АИТВ/ЖИТС адамдарды кемсітуді болдырмауға, медициналық көмекке уақытылы жүгінудің маңызды екеніне шақырады. Іс шаралар оқу орындарында, қоғамдық орындарда, әскери бөлімдерде, медициналық ұйымдарда, өндіріс орындарында және бизнес құрылымдарындарында жүргізіледі. Айлықтың іс шараларына қатысуға сондай ақ үкіметтік емес ұйымдармен қоғамдық ұйымдарда шақырылған.

1811