2014 жылдың 22 қарашасы күні Бүкіләлемдік ЖИТС-н күрес күніне арналған кампанияның аясында «Ханшатыр» ойын-сауық орталығында Астана қаласы денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен кең көлемді акция болып өтті.
Бүкіләлемдік ЖИТС-н күрес күнінің кампанияның мақсаты АИТВ-инфекциясының пандемиясымен ұйымдасып мықтап күресу болып табылады.
Акцияның өтуіне «Астана Медициналық университеті» АҚ студенттері қатарынан волонтерлер тартылды. Акцияның барысында викторина ұйымдастырылып, қорытындысы бойынша жастар өздерінің АИТВ-ң жұғуынан қорғану шараларын білімділіктерімен қажетті деңгейде көрсете алды.
Жалпы, шарамен 1985 адам қамтылған. Қалаушыларға өзінің АИТВ-статусын білу үшін, АИТВ-на арналған экспресс-тестілеу ұйымдастырылды, 94 жас өскіндер АИТВ-на тестілеуден өтуге шешім қабылдады. Барлық қатысушыларға ақпараттық құралдар таратылды.