2017 жылы 05 желтоқсанда Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы аясында Астана қалалық ЖИТС орталығында СӨСҚ орталығымен бірлесіп, қала мектептері мен колледждерінің медициналық қызметкерлері арасында семинар ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу сұрақтары бойынша білім беру жүйесінің медициналық қызметкерлерінің ақпараттылығын арттыру.Тыңдаушыларға ЖИТС орталығының мамандары Ж.Айтмағанбетқызы және Е.Абдрахманов АИТВ-ның Астана қаласы бойынша эпидемиологиялық ахуалы және Дүниежүзілік кампанияның мақсаты, ұраны, міндеттері туралы мәлімет беріп, сонымен қатар, айлықты ұйымдастыру сұрақтарына да тоқтала кетті.Іс-шарамен барлығы – 20 адам қамтылды. Айлықты өткізу мақсатында барлығына постерлер, парақшалар, кітапшалар және бейнероликтер таратылды.