Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес Кампаниясы шегінде, Астана қаласының ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы Қызыл Ай қоғамы қалалық комитетінің Астаналық бөлімшесінің қолдауымен, АӨА отбасылары арасында қайырымдылық акциясын өткізді.


АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды әлеуметтік қолдау және мүдделерін қорғау мақсатында, ҚАҚ ҚКАБ жыл сайын қайырымдылық акцияларды өткізеді.
Акция барысында, АӨА-ның 25 отбасы кең ассортименттегі өнімдер жинағын алды. Бұл акция Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күнін мерекелеу қарсаңында мейірімді дәстүрге айналды.