2018 жылы 15 қаңтарда Астана қаласының ЖИТС орталығына Республикалық ЖИТС-ке қарсы күрес орталығының бас директоры Б.С.Байсеркин
, Тері-венерологиялық ғылыми-зерттеу институтының директоры м.а. А.Т.Абишев және Қазақстанда АИТВ бойынша ЮНЭЙДС-тің арнайы уәкілі Б.К.Артаев медициналық қызметкерлерімен кездесті.
Кездесу барысында бас директор Б.С.Байсеркин 2018 жылғы 10 қаңтардағы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Жолдауына тоқталып өтіп, соның ішінде «Үздік денсаулық сақтау ісі және дені сау ұлт» деген басымдылығын атап өтті. Сондай-ақ, ЖИТС қызметінің 2018 жылдардағы жоспарлы даму жолындағы тапсырмаларына тоқталды.
Кездесуге Қазақстанда АИТВ бойынша ЮНЭЙДС-тің арнайы уәкілі, Олимпиада чемпионы, еліміздің жеті дүркін чемпионы, спорт шебері Б.К.Артаев қатысып, өзінің осы сала қызметкерлерімен тығыз байланыста жұмыс атқаратынын және жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, АИТВ-ның алдын алу жұмыстарына тартатыны туралы айтып өтті.