2018 жылдың 21 қарашасында Астана қаласының халықаралық әуежайында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған акция өтті.
"Өз мәртебеңді біл" акциясы АИТВ-ны дер кезінде анықтаудың және медициналық көмек көрсетудің маңыздылығына халықтың назарын аударуға, сондай-ақ АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша ақпараттық деңгейін арттыруға бағытталған. Дәрігерлер мұндай акциялар жастардың жауапты, қауіпсіз мінез-құлқын қалыптастыруға ықпал ететініне сенімді.
ЖИТС орталығының дәрігерлері Дүниежүзілік науқанның міндеттері туралы айтып, қала тұрғындары мен қонақтарын АИТВ-жұқпасына тексерілуден өтуге және өзінің мәртебесін білуге шақырды. Іс-шарамен 93 адам қамтылды.