Бүкіләлемдік ЖИТС-пен күресу кампаниясының аясында 2018 жылы 23 қарашада №5 және №6 елорда емханалары ЖИТС орталығының мамандары мен «Шуақ» жастар денсаулық орталығымен бірлесіп «Өз статусыңды біл» атты ашық есік күні өткізілді.
Аталған іс-шара АИТВ жұқпасының алдын алу мәселелері жөніндегі ақпараттанғандық деңгейлерін арттыруға және халық арасындағы қауіпсіз жауапты мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталған.
ЖИТС орталығының мамандары Бүкіләлемдік кампанияның міндеттері туралы атып, АИТВ жұқпасының алдын алу бойынша консультация жүргізді.
«Астана» МУА және «Көлік және коммуникациялар» колледжінің 1,2,3 курс студенттері «Скажи СПИДУ-нет!» атты флешмоб өткізді.
Акция кезінде қалаулары бойынша АИТВ-ға тегін, жасырын түрде экспресс-тесттен өтті. Іс-шарамен 200-ден артық адам қамтылды. 83 адам тестілеуден өтті.