2018 жылы 29 қарашада Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес науқаны аясында Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандарымен бірлесіп «Азия парк» сауда ойын-сауық орталығында елорда тұрғындары үшін «Өз мәртебенді біл» атты ұранмен акция өткізілді.
Акция мақсаты-АИТВ жұқпасы мәселелеріне халықтың назарын аудару және тестілеуді көпшілікке танытуға бағытталған. Іс-шара барысында мамандар Дүниежүзілік науқан туралы, акцияның маңыздылығы туралы, сондай-ақ АИТВ жұқпасының жұғу жолдары мен алдын алу шаралары жайында түсіндірді. Акция кезінде тұрғындар қалауы бойынша АИТВ-ға тестілеуден өтуге мүмкіндік алды, ақпараттық-білім беру материалдары таратылды. Іс-шараға 100 адам қатысты, 45 адам тестілеуден өтті.