2018 жылы 28 маусымда «Өз статусыңды біл» республикалық акциясы аясында Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің  мамандарыменбірлесіп «Рахмет» сауда үйінде астана тұрғындарына арнап акция өткізілді.

Акцияның басты мақсаты АИТВ-жұқпасына тестілеуден өтуді танымал етуге бағытталған. Іс-шара барысында мамандар Дүниежүзілік кампания өту барысы, акцияның маңыздылығы туралы, сондай-ақ АИТВ жұқпасының жұғу жолдары мен алдын алу шаралары жайында түсіндірді.

Акция кезінде әркім қалауы бойынша АИТВ-ға тестілеуден өтуге мүмкіндік алды, ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.

Іс-шарамен  барлығы 76 адам қамтылды, 32 адам тестілеуден өтті.