Заманауи медицина АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға ұзақ өмір сүруге мүмкіндік береді – ғылымның жетістігі «АИТВ жұқпасының» өлімге апаратын ауру болуын тоқтатып, созылмалы аурулардың қатарына өтуіне мүмкіндік жасады. АИТВ/ЖИТС-ты емдеу кешенді мақсатты яғни ағзадағы вирустар санын азайтуды, вирустың көбеюін тоқтатуды, иммундық қызметті сақтау мен қалпына келтіруді және иммун тапшылығының салдарынан туындаған оппортунистік инфекциялардан сақтап қалуды немесе емдеуді көздейді.
Уақытылы және дұрыс тағайындалған емдеу АИТВ жұқпасы бар пациенттің денсаулығын сақтап қалуға және өмірін біраз жасқа ұзартуға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда ретровирусқа қарсы терапияны пайдалану арқылы тиімді емдеу бар. Бұндай емдеудің мақсаты – вирустың дамыуынан сақтау және өмірге қауіпті аурудың одан әрі дамуына жол бермей, иммунинтеттің түсуін болдырмау. Емделудің ұзақтығы көбіне өмірлік. Аурудың сатысына байланысты және зерттеулер қатарынан (ағзадағы вирустық жүктілікті, иммуннограмманы және т.б-ды анықтау) кейін ауру барысындағы басқа да ерекшеліктеріне қарай дәрігер инфекционист ем тағайындайды.
Дәріні қабылдау тәртібін сақтамау дәрі-дәрімекке резистенттілік (тұрақтылық) дағдысына әкелуі мүмкін. Бұдан басқа ретровирусқа қарсы дәрі-дәрімектерді қабылдау кезінде жанама әсерлері болуы мүмкін. Дәрілердің дұрыс комбинациясын маман таңдағаны жөн.
Дәрі-дәрімектер әсерінің нәтижесі яғни терапияның бірінші ай кезеңінде вирустық жүктеме күрт төмендейді және анықталмайтын болады. Терапияны ұзақ қабылдау кезінде иммундық статус артады - CD-4-лимфоциттер саны қалпына келіп, ал қандағы вирус саны көбеймейді.