2018 жылы 8-15 қазанда Астана қаласы ЖИТС Орталығы «АИТВ-ның алдын алу», «АИТВ/ЖИТС бизнеске әсер етпейді», сонымен қатар «МӘМС жүйесін енгізу туралы» атты тақырыбында «Astanamotor» ЖШС, «Құлагер ҚК» ЖШС, «Концерн Найза курылыс» ЖШС, «Наяда Астана» ЖШС, «Конструктив-А» ЖШС,«АКМ-пласт» ЖШС, «Аксу НС Астана» ЖШС басшылары мен қызметкерлері үшін дәрістерұйымдастырылды.
Семинарға қатысушыларға АИТВ-инфекциясының таралуы бойынша қызықты фактілер ұсынылды, алдын алу шаралары түсіндірілді. Сондай-ақ, АИТВ мен ЖИТС-тің бизнеске әсері жоқ екенін, МӘМС аясында корсетілетін медициналық көмек жайында ақпарат берілді.
Барлық тыңдаушыларға ақпараттық–танымалдық материалдар (брошюралар, парақшалар), сонымен бірге, жеке қорғаныс құралдары (презервативтер) таратылды. Жалпы 107 адам қамтылды.