АИТВ жұқпасын эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің қызметі төмендегілерге бағытталған
•Астана қаласы аумағындағы АИТВ жұқпасына осал топты тұрғындар мен жалпы тұрғындар арасында АИТВ жұқпасының таралуының алдын алуға бағытталған алдын алу іс-шараларын ұйымдастыру, жүргізу;
• ведомстволардың медицина ұйымдары мен мединициналық қызметтеріне кеңестік, практикалық және ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсетуге;
•АИТВ жұқпасына эпидемиологиялық қадағалау мен алдын алу іс-шараларын жүргізу барысында, сондай-ақ дәрігерлерді, орта медициналық қызметкерлерді, құқық қорғау органдарының жеке құрамын, арнайы контингенттерді (сотталғандарды) волонтерлерді дайындау кезінде медициналық, ведомстволық, халықаралық және қоғамдық ұйымдармен өзара қарым-қатынас;
•АИТВ жұқпасына осал топты тұрғындар үшін алдын алу бағдарламаларының тиімділігіне мониторинг жүргізу және бағалау;
•Тұрғындарды АИТВ жұқпасының таралу жолдары және жұқтырудың алдын алу әдістері туралы ақпараттандыру, санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-білім беру материалдарын тарату;
•АИТВ жұқпасының алдын алу мәселелері бойынша медицина қызметкерлерін оқыту;
•АИТВ-ның берілуін болдырмау жөніндегі медициналық ұйымдарда жүргізілетін іс-шаралардың тиімділігін бағалау:
• АИТВ жұқпасы науқастылығы мен таралу жағдайына эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу, эпидемиологиялық ахауалды талдау және бағалау, АИТВ жұқпасының алдын алуға және таралу қарқынын төмендетуге бағытталған іс-шаралар кешенін жүргізу;
•шолғыншы топтардағы АИТВ жұқпасының таралау деңгейіне екінші буынды эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу, ШЭҚ нәтижелерін талдау және бағалау, алдын алу іс-шаралар кешенін әзірлеу;
•қолданыстағы ережеге сәйкес АИТВ жұқпасының бар болуына тұрғындарға медициналық зерттеу жүргізуді ұйымдастыру; медициналық ұйымдарда клиникалық көрсеткіштері бойынша АИТВ-ға тексерілу үшін тиісті құрамды іріктеу сапасы мен толықтығын талдау;
•Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес есептік нысанды дайындау;
•белгіленген заңнамалық тәртіпте сенім пункті мен достастық кабинеттерінің қызметін ұйымдастыру.
Бөлім меңгерушісі - жоғары санатты білікті дәрігер Аймағамбетова Інжу Бекетқызы, бөлім телефоны: 38-07-02